Перейти к содержимому

Несиелендіру бойынша зум-кеңес

    30 сәуірде Қауымдастықтың облыстық филиалдары басшыларының және фермерлердің қатысуымен кезекті зум-кеңес өтті.

    Кеңеске Аграрлық несие корпорациясының басқарушы директоры Арман Байғаниров қатысты және отырысты аша келе, ауыл шаруашылығын несиелендіру мәселесі бойынша қысқаша баяндама жасады.

    Содан кейін кеңес «сұрақ-жауап» режимінде жалғасты.

    Фермерлер көтерген негізгі мәселелер:

    — өтінімдерді қарастыру мерзімін қысқарту;

    — несиені игеру және қайтару мерзімдерін ұзарту;

    — несиелендіру шарттарын жеңілдету;

    — бірлескен жауапкершілік (солидарная ответственность) мәселесін қайта қарау немесе мүлдем алып тастау.

    Арман Байғаниров сұрақтарға мейлінше жауап беріп, кейбір күрделі сұрақтарға жазбаша жауап беретін болып келісілді.

    Кеңестің екінші бөлімі Қауымдастықтың ішкі жұмысына арналып, Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов баяндама жасап, одан кейін бірнеше облыстық филиал басшылары тыңдалды.

    Кеңесті қорытындылай келе Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов осы сияқты орталық орган басшыларының қатысуымен кеңес өткізу үрдісі алдағы уақытта да жалғасатынын айтып, облыстық филиал басшыларына жауабы айтылмай қалған сұрақтарды жазбаша жіберу, сондай-ақ ауыл шаруашылығын несиелендіру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жолдау туралы тиісті тапсырмалар берді.

    Зум-кеңестің толық видеожазбасы бірнеше бөлікке бөлініп, жақын арада жарияланады.