Перейти к содержимому

    Бүгінгі күннің семинар бағдарламасы бойынша Тбилиси қаласында орналасқан “Nutrimax” компаниясының құрама жем өндірісімен айналысатын кәсіпорнына экскурсияға бардық. Завод заманауи үлгіде салынған. Малдың барлық түріне және үй жануарлары мен балық өсіруге арналған түйіршіктелген (гранулированный) құрама жем өндірісімен айналысады. Ішкі нарықтан басқа көптеген елге экспорттайды. Қазақстанмен де қатынасы жақсы дамыған.

    Азықтандыру технологияларымен танысып, қойған сұрақтарымыздың жауабын алдық. Кездесу нәтижелі болды.

    Қазақстан фермерлері қауымдастығының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Абуов