Ақтөбе облысы бойынша филиал басшысы Құсайын Сәрсембай Хромтау ауданында фермерлермен кездесіп, ауыл шаруашылығы мәселелері жөнінде жиналыс өткізді. Жиналыста саладағы өзекті проблемалар көтеріліп, қойылған сұрақтарға жауап қайтарылды. Сонымен қатар Қазақстан фермерлері қауымдастығының атқарып жатқан жұмыстары туралы әңгіме болды.
