2026 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Жетісу облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізді. Онда өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданған шаралар туралы айтылды. Оған облыс, аудан басшылығы, фермерлер қатысып өзекті мәселелер талқыланды. Онда саладағы басты қиындықтар:
Жер ресурстарының шектеулігі;
Қаржы және субсидияға қол жеткізудегі қиындықтар;
Нақтырақ фермерлер мына мәселелерге көңіл аударды:
1. Мал шаруашылығын дамытуға қабылданған жаңа несие бағдарламасында сатып алу ірі қара мал кемінде 100 бас болу керек және оның әр басына 3 гектардан суармалы жер болу керек деген қағиданы Оңтүстік өңірге екі еседей азайтуды сұрады.
2. Мал сатып алу және жаңа техника алған кезінде 6 пайыз орнына 22-24 пайыздық несие алып толық төлеп жүрген фермерлер субсидия ретінде айырмасын Республикалық бюджеттен трансферттер ретінде ұзақ уақыт төленбей, созылып кеткенін ашына айтты.
Жиында бұдан басқада мәселелер көтеріліп, фермерлер өздеріне пайдалы мағлұматтар алды. Республика басшылығына болашақта облыс фермерлері қажырлы еңбек ететіндерін жеткізді.
Қазақстан фермерлер қауымдастығы Жетісу облыстық филиалы басшысы Асқар Қалиұлы Шәріпов
