2026 жылдың сәуір айында Алакөл ауданында фермерлер қауымдастығының жаңа басшысын сайлау туралы жиналыс өтті. Жиынға аудан әкімі А. Абдинов төрағалық етті. Іс-шараға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев, Облыстық фермерлер қауымдастығы басшысы Асқар Шәріпов, «КазАгроҚаржы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Талғат Мамырбаев, сондай-ақ ауданның тиісті сала басшылары мен шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.
Аудан әкімі А. Абдинов фермерлер қауымдастығы төрағасын сайлау мәселесі көтеріліп, шаруалар тарапынан ұсыныстар беру қажеттігін айтты. Фермерлер бірауыздан аудандық фермерлер қауымдастығы төрағасына Артықбаев Ерланды ұсынып, бекітті,
Сондай-ақ жиында
— егіс науқанына дайындық барысы;
– мемлекеттік қолдау шаралары мен жеңілдіктер;
– минералды тыңайтқыштар және жеңілдетілген жанар-жағар маймен қамтамасыз ету;
– суару маусымына дайындық және каналдарды тазалау;
– зиянкестерге қарсы күрес шаралары;
– мал шаруашылығындағы вакцинация жұмыстары кеңінен қаралды..
Жиын қорытындысында барлық көтерілген мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Қазақстан фермерлер қауымдастығы Жетісу облыстық филиалы басшысы Асқар Қалиұлы Шәріпов
