Бүгін Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Абуов Павлодар облысы фермерлер қауымдастығы филиалының төрағасы Ерлан Тоқтышақовпен кездесті.
Кездесуде филиал басшысы облыстағы ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы мен оны дамыту,ауыл шаруашылығын дамытуда шешімін таппай фермерлерді толғандырып отырған өзекті мәселелер жайлы, ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы қолданыстағы заңнаманың негізгі мәселелері және қауымдастықтың алдағы жоспарлары туралыкеңінен әңгіме қозғалды.
Кездесу аясында «Ертіс-Агро» кооперативі базасында бірінші май экстракциялық зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру барысы айтылды.Аталған жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңөңдеуді дамытуға, қосылған құнды арттыруға және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасындағы кооперациялық байланыс тардынығайтуға бағытталған.
Ерлан Тоқтышақов фермерлер үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеткіліксіз қаржыландырумен,сондай-ақ май экстракция зауытының тұрақты жүктелуімен жұмыс істеуі үшін айналым қаражатының тапшылығы туралы да атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша мұндай кездесулер фермерлердің өзекті мәселелерін бірлесіп талқылауға мүмкіндік береді және алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.