Перейти к содержимому

    Шығыс Қазақстан облысы әкімі Н.А.Сақтағановтың тапсырмасы аясында Сәуір айының 8-10 күндері Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай,Зайсан,Күршім, Марқакөл,Самар,Үлкен Нарын,Катон Қарағай аудандары жергілікті басқару мекемелері,облыстық экономика,ауыл шаруашылығы басқармалары қызметкерлерінен қатысуымен,Ұлытау облысына ауыл шаруашылығы саласындағы жобалармен танысу, түрлі тәжірибелер алмасу мақсатында делегация барып қайтты. Делегацияны Қазақстан фермерлер қауымдастығы,Шығыс Қазақстан облысы филиалы төрағасы Қыдырмолда Самат бастап апарды. Ұлытау облысының өндірістік даму саласына тиімді сапарлармен қатар,қасиетті тарихи орындарға мәдени іс шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысы және Ұлытау облысы арасында ауыл шаруашылығы саласында көпжылдық іскерлік байланыстар жөнінде меморандумға қол қойылды.