Перейти к содержимому

Зум-кеңес

    2 сәуірде Қауымдастықтың облыстық филиалдары басшыларының және фермерлердің қатысуымен кезекті зум-кеңес өтті.

    Кеңеске Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаментінің өкілдері қатысып, 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары, оның ішінде жоспар аясындағы «Іскер», «Береке», «Жайлау» несиелендіру бағдарламаларының шарттары бойынша түсіндірмелер берді.

    Содан соң кеңес «сұрақ-жауап» режимінде жалғасты.

    Фермерлердің қойған сұрақтарының негізгілері:

    — асыл тұқымды малды сырттан ғана емес, іштен де сатып алу;

    — қаржыландыру мерзімі, несиені қайтару мерзімін ұлғайту;

    — «Даму» қорының кепілдендіру жұмысын тездету;

    — жоспар аясында тауарлық мал сатып алу мәселесін қарастыру;

    — несиелендіру бағдарламаларындағы жерге, техникаға қатысты талаптарды өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып қайта қарастыру.

    Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстар бойынша Қауымдастық атынан хат жолданатын болып келісілді.

    Кеңестің екінші бөлімі Қауымдастықтың ішкі жұмысына арналып, Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов баяндама жасап, одан кейін бірнеше облыстық филиал басшылары тыңдалды.

    Кеңесті қорытындылай келе Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов осы сияқты орталық орган өкілдерінің қатысуымен зум-кеңес өткізу үрдісі алдағы уақытта да жалғасатынын айтып, облыстық филиал басшыларына Кешенді жоспар бойынша ұсыныстар жолдау, сондай-ақ Қауымдастықтың филиал басшыларының жұмысына қатысты тиісті тапсырмалар берді.

    Зум-кеңестің бірінші мәселесі бойынша видеожазба жақын арада жарияланады.