Перейти к содержимому

Бесқарағайға «Қаладан – ауылға» жобасы аясында алғашқы отбасы қоныс аударды

    Облыс әкімі Берік Уәлиұлының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қаладан – ауылға» жобасы аясында Бесқарағай ауданына Павлодар облысынан алғашқы отбасы қоныс аударып, Стеклянка ауылына қоныстанды.

    Аталған жоба аясында ауданға қоныс аударуға ниетті азаматтарға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында арнайы колл-орталық құрылған. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

    2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, қоныс аудару бағдарламасына қатысу мәселесі бойынша колл-орталыққа 63 отбасы хабарласқан. Жалпы өтініш білдірушілер саны 293 адамды құрайды. Оның ішінде 182-сі – балалар.

    Павлодар облысынан қоныс аударған алғашқы отбасын «Қалиқанұлы» шаруа қожалығының басшысы Марат Қалиқанұлы арнайы қарсы алып, жұмыспен қамту және бейімдеу бағытында қолдау көрсетуде.

    Осы орайда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, қоныс аударушыларға нақты қолдау танытып отырған Марат Қалиқанұлына шынайы алғыс білдіреміз.