2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясында жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша ірі қара мал сатып алу шегі 300 бас мөлшерінде белгіленген болатын.
Алайда, салалық қауымдастықтардың, оның ішінде Қазақстан фермерлері қауымдастығының өкілдері құжатты талқылау барысында шенеуніктерді мал басы санының шегін төмендету қарыз алушылар санын кеңейтуге және бағдарламаны шағын фермерлерге қол жетімді етуге мүмкіндік беретініне сендіре алды.
Нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігі сарапшылардың пікірін ескеріп, жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша ірі қара мал сатып алу шегін 300 бастан 100 басқа дейін төмендетті.
Осылайша Қауымдастық ірі қара мал сатып алу шегін төмендету шағын фермерлерді қолдауға бағытталған дұрыс шешім деп пайымдайды.