Перейти к содержимому

Жетісу өңірінде көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде

    Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға конкрус өткізіп, бөлінген 5000 тона дизел отынына біздің қатысуымызбен үшеуін айқындадық: 1. «Жетісу мұнай» дизел отыны бағасы тоннасына 281,0 мың тенге 2. «Петрофон», дизел отыны бағасы тоннасына 281,0 мың тенге 3. «Газойл» » дизел отыны бағасы тоннасына 280,0 мың тенге болып белгіленді.

    «Кең дала» бағдарламасы аясында биыл Аграрлық несие корпорациясы арқылы фермерлерге 10,8 млрд теңге бөлінді. Ал «ҚазАгроҚаржы» арқылы биыл ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу үшін 15 млрд теңге қарастырылған.

    Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдейтін Fufeng Group компаниясының ірі өндірістік кешені іске қосылуына байланысты олардың мамандары ақпан айында Талдықорғанға келіп біздің өңірдің фермерлерімен жүгері қабылдауға келісім-шарт жасасты. Ол келісім шарт бойынша 2026жылғы жүгері қабылдау бағасы тоннасына ең төменгі 95,0 мың тенге және ылғалдылығы 16 пайыз фермерлерді толығымен қанағаттандырады. Соңғы жылдардағы жүгері қабылдаудағы тоқырау мәселелері облысымызда шешілген сияқты.

    Өткен жылы Жетісу облысында ылғал үнемдеу технологиялары 33,7 мың гектар аумақта енгізілді. Ал биыл заманауи суару технологияларын 79,2 мың гектарға енгізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларының қолжетімділігін арттыру мақсатында «Талдықорған» индустриялық аймағында жылына 110 дана жаңбырлату қондырғысын өндіретін кәсіпорынның құрылысы жалғасуда. Бұдан бөлек, өңірде арзан әрі қолдануға ыңғайлы дискретті суару әдісі 4,8 мың гектар аумақта енгізіліп, бұл суармалы суды 30 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

    Егінге қажетті суды ашық әрі әділ бөлу үшін пилоттық режимде жаңа биллинг жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл платформа арқылы су пайдаланушылар мен «Қазсушар» РМК арасында өтінім беру, келісімшарт жасау және төлем жүргізу процестері цифрландырылды. Яғни, өтінім беруден төлем жүргізуге дейінгі барлық процесс электронды форматта жасалады. Алайда 2024 жылдан бастап фермерлерге егіндік судың құнын субсидиялау облыста тоық көлемде жүргізілмеді. 2025 жылы оған фермерлердің тек отыз пайызына ғана қол жетімді болды. Бұл туралы біз жоғары құзырлы мекемелерге жазып, екі рет облыстық прокуратурасында талқылауда болып, фермерлердің шешілмей жатқан мүддесін қорғап шықтық.

    Қазақстан фермерлер қауымдастығы Жетісу облысы филиалының басқарма төрағасы Асқар Қалиұлы Шарипов

    19.03.2026ж