Перейти к содержимому

ҚАЗАҚСТАН ФЕРМЕРЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ҮНДЕУІ

    Жаңа Конституция – еліміздің болашағы!

    Құрметті отандастар!

    Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы еліміздің болашағына бейжай қарамайтын барлық азаматтарды алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырады.

    Референдум – әрбір азаматтың өз пікірін білдіріп, мемлекетіміздің даму бағытын айқындауға тікелей үлес қосатын маңызды демократиялық құрал.

    Жер – біздің тірегіміз, ауыл – ұлтымыздың тамыры. Еліміздің болашағына қатысты әрбір маңызды шешім ауылдың да, қаланың да тағдырына тікелей әсер етеді. Сондықтан әр азаматтың дауысы – ел болашағына қосылған үлес.

    Фермерлер үшін тұрақтылық, әділдік және дамуға бағытталған шешімдер ерекше маңызды. Өйткені біз еңбек етіп отырған жер – келер ұрпаққа аманат. Сол аманаттың тағдырына бейжай қарамау – баршамыздың азаматтық борышымыз.

    Сіздерді ел болашағына жауапкершілікпен қарап, референдумға қатысып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамыз. Бірлік пен жауапкершілік арқылы ғана Қазақстанымыздың ертеңін жарқын ете аламыз.

    Еліміздің келешегі – өз қолымызда!

    Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы