Перейти к содержимому

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президиумының Агроөнеркәсіптік кешен және азық-түлік өнеркәсібі комитеттерінің бірлескен отырысы өтті

    Күн тәртібінде:

    1.Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары туралы;

    2.Ішкі нарықты қорғау мәселелері мәселелері қаралды.

    Отырысқа Қазақстан фермерлері қауымдастығының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Е. Абуов қатысып өз ойын ортаға салды.

    2024 жылдың қорытындысы бойынша 100 сиырға шаққандағы бұзау алу көрсеткіші бар болғаны 62%-ыз. Бұл, өте төмен көрсеткіш. Мал басын көбейтудің бірден-бір жолы асылдандыру жұмыстарын, оның ішінде малды өз төлінен өсіру жұмысын қолға алу қажет. Бұзау алу көрсеткіші зоотехникалық нормативтерге сай болуы тиіс. Асыл тұқымды мал өнімді болғандықтан, одан алынатын өнім мол. Өнімділігі мол малдан алынатын өнімнің құны да арзан және бәсекеге қабілетті.

    Етті бағыттағы ірі қара малды импорттауды (шет елден әкелуді) тоқтату қажет. Тек қана селекциялық асыл тұқымдық жұмыс жүргізу үшін импорттауға болады. Малдың генетикалық әлеуетін арттырып және селекциялық асыл тұқымды жүргізудің арқасында сүт, ет өндірісі көлемін арттыруға болады.

    Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарында ІҚМ-12 млн, ұсақ мал-28 млн, жылқы-7 млн басқа жеткізу жоспарланып отыр. Алайда, мал азықтық дақылдардың егіс көлемі 2030 жылы 4 млн га аспай отыр (1990 жылы – 11,3 млн га). Мал азығының (жем-шөп) жетіспеушілігі жоспардың орындалмауына әкеледі. Сондықтан, Ауыл шаруашылығы министрлігіне мал азықтық дақылдардың егіс көлемін арттыру бойынша тиісті шаралар қабылдауды ұсынды.