Бүгін Қауымдастықтың Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленовтың төрағалығымен Қауымдастықтың облыстық филиалдары басшыларымен zoom-форматында кезекті кеңес өтті. Жиналыста берілген тапсырмаларды орындау барысы талқыланып, алдағы жоспарлар мен міндеттер белгіленді.
Кеңес басында Әкпар Мәуленов соңғы кеңестен бері атқарылған жұмыстар туралы қысқаша баяндама жасады.
Содан соң әдеттегідей облыстық филиал басшыларына сөз берілді. Алматы, Атырау, Жетісу, Жамбыл облыстық филиалдарының басшылары сөз сөйлеп, атқарған жұмыстары, берілген тапсырмалардың орындалуы, фермерлердің проблемалары және оларды шешу жолдары туралы ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ кеңесте Әкпар Мәуленов жаңадан тағайындалған Абай облыстық филиалының басшысы Марат Каликовты таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Кеңесті қорытындылай келе Әкпар Мәуленов облыстық филиал басшыларына жұмысты жандандыру, берілген тапсырмаларды уақытылы орындау, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайындық және жүргізу барысында кедергі болып отырған мәселелер, жаңа Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы заң жобасына, ветеринария саласындағы проблемалар және оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар беру туралы тиісті тапсырмалар берді.

