Перейти к содержимому

Бүгін 2026 ж. 20 ақпан күні Талдықорған қаласында

    Қазақстан фермерлері қауымдастығының Жетісу облысы филиалының жалпы жиналысы өтті. Жиналысқа 148 фермермен бірге, Ермек Ерғазыұлы Абуов Қазақстан фермерлері қауымдастығының Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, Қарлыгаш Адылканқызы Нуриханова Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры, Айдын Еділханұлы Досқараев «Аграрлық несие корпорациясы» Корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары, Еркебұлан Ерланұлы Жұмжаев «Казагроқаржы» Корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары, Дәурен Оспанұлы Мамутов, Республикалық Азық-түлік корпорациясы АҚ — Корпоративтік даму және еншілес әрі тәуелді ұйымдармен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры, Алихан Керімбек Корпорацияның Оңтүстік аймағы бойынша өкілдігінің директоры және Облыстық басқарма басшыларымен Қазақстан фермерлер қауымдастығы, аудан филиалы төрағалары қатысты. Жиналыста облыстық филиал басқарма төрағасы Асқар Қалиұлы Шәріповтың 2025 жылы атқарған жұмысының есебі тыңдалып, ой-ескертпелер айтылды. Асхат Мәуленұлы Базилов «Ауыл» партиясының Жетісу облыстық филиалының төрағасы және Жанатбек Садуақасұлы Сарғалдақов «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жетісу облыстық филиалы агроөнеркәсіп кешені комитетінің басшысы қатысып, филиалмен бірлесіп жұмыс жасап жатқандықтарын айтып, бірнеше мәселелерге тоқталды. Жиналыс қызу пікір алмасуға ұласып, нақты ұсыныстар айтылды. Қазақстан фермерлері қауымдастығының Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, Ермек Ерғазыұлы Абуов облыс фермерлері қауымдастығы ұжымына оң баға беріп, жұмыстарына табыс тіледі.

    Жетісу облыстық филиал басқарма төрағасы Асқар Қалиұлы Шәріпов 20.02.2026ж.