13 ақпанда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Сарыарқа» спорт кешенінде «Ауыл» партиясының және Қазақстан фермерлері қауымдастығының ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрлерін дамыту және танымал ету мақсатында алғашқы «Жілік жару» жарысы өтті.
Бұл жарысты өткізу ұлттық дәстүрлерді сақтау, бұқаралық спортты дамыту және жастарды белсенді өмір салтына тарту үшін маңызды мәнге ие болып отыр.
Іс-шараға Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасарлары, университеттің студенттері мен оқытушылары және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Жарысқа бірнеше жас тобындағы спортшылар қатысып, жеңімпазды анықтау үшін қызу тартысқа түсті.
Аталмыш жарыс жоғары деңгейде өтті және жеңімпаздар арнайы кубоктармен, медальдармен марапатталды.
Ұлттық спорт қазақ халқының рухани мұрасының бір бөлігі болып табылады. Осындай дәстүрлі спорт түрлерін жаңғыртып, оны заманауи деңгейде дамытуға ат салысып жүрген азаматтардың бастамасына жан-жақты қолдау көрсету қажет.




