Перейти к содержимому

    30.01.2026 жылы сағат 10-00 да Панфилов ауданында «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» Жетісу облысы филиалы басшылығы «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалдары басшыларымен бірлесіп фермерлердің алдында есеп беріп, күрделенген сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналысқа 13 округтан 96 фермер қатысты. Жиналыс алдында аудан әкімі Сағымбек Марат Рахимбердиұлына жолығып, экономиканың өсімі, фермерлер қауымдастығы жұмысын жандандыру туралы пікір алмастық. Ол кісі өзінің қарапайымдылығымен, білгірлігімен ерекшеленді. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Керибеков Толеухан Нүрдәулетұлы, ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Шабеков Тоқтарғалиұлы Болатович, оның мамандары қатысты. Бұл ауданның бір ерекшелігі облыс фермерлерінің 30 пайызынан астамы, облыстағы 55 пайыз дәнді жүгері және біршама мал басы осында орналасқан. Ауданда әр округта 400 астам фермерлер бар, оларға дер кезінде сервистік қызмет көрсетіп отыру өте маңызды. Бұл жұмыстарды ұйымдастыру туралы былтырғы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалында осы ауданның ауылдық әкімдерінің біліктілігін жоғарлату курстарында талқыланып, басшы фермерлердің кандидатуралары белгіленген. Ауылдық округтерде бұл жұмыстарды жетілдіріп, оларды қаржыландыру үшін, қазіргі кезде Мәжілісте қаралып жатқан «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға өзгерістер енгізу нәтижесі қажет.

    Жиналыста бұдан басқада мәселелер қаралып, «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» Жетісу облысы филиалы басшысы Шәріпов Асқар Қалиұлы қауымдастықтың алдағы міндеттерін саралады. Ауылдық округтердегі фермерлердің техникасын жаңарту мәселелері талқыланды. Бес пайыздық несиенің шығу тарихы айтылып, Қазір Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі жылдық 18 пайыз деңгейінде болып тұрған кезде, екінші деңгейлі коммерциялық банктер 4-6 пайыз пайдаларын қосып, оны халыққа 22-24 пайызбен беріп жатқандығы айтылды. Осындай жағдайда фермерлерге 5 пайыздан несие беру, Үкіметтің оларға көрсеткен үлкен көмегі екені түсіндірілді. Жиналысқа қатысқан «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалдары басшылары техниканы лизингіне беру және несие бағдарламалары, суару жүйесінде жаңа қондырғыларды несиелеу, ауыл шаруашылығында дрондарды пайдалану туралы толық қанды түсініктемелер берді. Одан басқа фермерлер айырма субсидияларының кешеуілдеп берілуі туралы пікірлерін ортаға салды. Кепілдік беру мәселесі қызу талқыланып, несие бергенде құжаттарды азайту мақсатында шаруа қожалығында 10 адамға дейін болса, олар нотариус арқылы куәландырып, одан асса жалпы жиналыс шешімімен бекітілетіндігі айтылды. Былтыр Даму қоры арқылы 85 пайыздық кепілдеме тек Кендела-2 бағдарламасы арқылы берілсе, биыл ол басқа бағдарламалар арқылы да берілетіндігі түсіндірілді.

    Фермерлер мал бордақылауды субсидиялауда және несие беруде межелік 500 ірі қара малының көп екенін айтып, оны 200 басқа дейін төмендетуді сұрады. Суару жүйесіндегі субсидиялаудың жетіспеуі, тамшылатып суаруды енгізуде фермерлерге инфрақұрылымдық көмектің берілу мәселелері талқыланды.

    Жаңадан тағайындалған аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Шабеков Тоқтарғалиұлы бұл жұмыстарды бірлесіп жандандыруға үлкен қызығушылық білдірді.

    ҚФҚ Жетісу облысы филиалы басқарма төрағасы Асқар Қалиұлы Шәріпов

    30.01.2026 жыл.