Перейти к содержимому

    20.01.2025 жылы Кербұлақ ауданында «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» Жетісу облысы филиалы басшылығы «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалдары басшыларымен бірлесіп фермерлердің алдында есеп беріп, маңызды сұрақтар бойынша пікір алмасты. Жиналыс екі жерде өтті, бірі аудан орталығы Сарыөзекте, екіншісі бұрын аудан орталығы болған Қоғалыда. Оған аудандық ауыл шаруашылық бөлімдері басшысы Саулханов Мади, оның мамандары, 15 ауыл әкімдері және 131 фермер қатысты. «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» Жетісу облысы филиалы басшысы Шәріпов Асқар Қалиұлы қауымдастықтың жасалып жатқан жұмыстары туралы айтып алдағы міндеттерді саралады. Ауылдық округтерде фермерлер қауымдастығының жұмысын жандандыру, техниканы жаңарту мәселелері талқыланды. Бес пайыздық несиенің шығу тарихында және соған сәйкес алғашқы рет техника жаңартуға 50 млрд тенгенің бөлініп, қазір оның 5 есе көбейіп 200 млрд теңгеге жеткенінде Мәжіліс депутаттардың еңбегінің зор екенін атап өтілді. Жиналысқа қатысқан «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалдары басшылары техниканы лизингіне беру және несие бағдарламалары, суару жүйесінде жаңа қондырғыларды несиелеу, ауыл шаруашылығында дрондарды пайдалану туралы толық қанды түсініктемелер берді. Одан басқа фермерлер айырма субсидияларының кешеуілдеп берілуі туралы пікірлерін ортаға салды. Кепілдік беру мәселесі қызу талқыланып, несие бергенде құжаттарды азайту мақсатында шаруа қожалығында 10 адамға дейін болса, олар нотариус арқылы куәландырып, одан асса жалпы жиналыс шешімімен бекітілетіндігі айтылды. Былтыр Даму қоры арқылы 85 пайыздық кепілдеме тек Кендела-2 бағдарламасы арқылы берілсе, биыл ол басқа бағдарламалар арқылы да берілетіндігі айтылды. Бұны фермерлер үлкен қуанышпен қабылдады. Қазіргі кезде облыстағы фермерлердің он пайыздайы ғана несие алатын болса, биыл бұл көрсеткіш біршама өседі деп болжамдалуда.

    Қауымдастық жұмысын жандандыру үшін оларды аудан деңгейімен қатар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға өзгерістер енгізуді күтудеміз. Соған байланысты болашақта ауылдығы фермерлер қауымдастығы округ әкімдерімен жұмыстарымен ұштастыруы сараланды.

    ҚФҚ Жетісу облысы филиалы басқарма төрағасы Асқар Қалиұлы Шәріпов

    21.01.2026 жыл.