Бүгін Қауымдастықтың орталық кеңсесінде Қарағанды облысы Шет аудандық филиалының басшысы Мейрам Кәсімбековпен кездестік.
Аудандық филиал басшысы өңірдегі фермерлердің бірқатар проблемалық мәселелерімен бөлісті.
Атап айтқанда:
— мал шаруашылығын дамыту;
— тірі мал мен мал етінің экспортына қойылған шектеулерді алып тастау;
— жергілікті жерлерде мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлер өткізгенде конкурстық талаптарға сиыр етін ғана емес, басқа да ет түрлерін сатып алу мүмкіндігін енгізу қажеттігі;
— фермерлерге субсидия қарыздарын толық өтеу.
Кездесуде бұдан өзге де өзекті мәселелер көтерілді.
Нәтижесінде филиал басшысымен бірлесе отырып аталған мәселелер бойынша жоғары билік органдарына жүгіну туралы шешім қабылдадық.
