Перейти к содержимому

Жілік сындыру спортын дәріптеушілермен кездесу

    28 қаңтарда Қауымдастықтың орталық кеңсесінде еліміздің салт-дәстүрін, оның ішінде жілік сындыру спортын дәріптеп жүрген жігіттермен — Шубаев Хамзамен және Маяузов Мұрат-Әлимен кездестік.

    Ұлттық спорт қазақ халқының рухани мұрасының бір бөлігі болып табылады. Осындай дәстүрлі спорт түрлерін жаңғыртып, оны заманауи деңгейде дамытуға ат салысып жүрген азаматтардың бастамасына жан-жақты қолдау көрсету қажет.

    Кездесу барысында жілік сындыру спортын кеңінен насихаттауға, жарыстар ұйымдастыруға және тиісті деңгейде қолдау көрсетуге дайын екендігімізді білдірдік.