Перейти к содержимому

Кездесу

    20 қаңтарда Қауымдастықтың орталық кеңсесінде Қытай Халық Республикасының «Hangzhou Sunny Biotechnology Co.» холдингінің директоры және Сянху зертханасының өкілі Вэн Юэвэньмен, Сянху зертханасының Қазақстандағы серіктесі және «ЗЕЙН ЭЙАЙ» ЖШС-нің бас директоры Ермек Әбілғазиевпен, сондай-ақ «ЗЕЙН ЭЙАЙ» ЖШС-нің ЖИ бойынша директоры Әлишер Молдабаевпен кездестік.

    Кездесу барысында Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов Қауымдастықтың атқаратын жұмыстары, алға қойған міндеттері және жалпы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы әлеуеті мен екі ел арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы қысқаша айтып берді.

    Вэн Юэвэнь Қауымдастықпен кездесу мақсаттары және ауыл шаруашылығы саласындағы байланыстарды нығайтып, одан әрі дамыту, оның ішінде Қазақстанда жоғарыолеинді рапс, жүгері өндіру туралы сөз қозғады.

    Өз тарпымыздан қытайлық инвесторлармен ауыл шаруашылығы, оның ішінде аталған бағыттарда бірлесіп жұмыс істеуге әзірлігімізді білдіріп, түрлі жобалар бойынша қытайлық инвесторларды тарту жөнінде ұсыныстар бердік. Вэн Юэвэнь ұсыныстарымызды мақұлдап, үйлестіруші ретінде көмек көрсетуге дайын екендігін айтты.

    Кездесуді қорытындылай келе Ермек Әбуов аталмыш кездесудің құр бос әңгіме болып қалмауын, келешекте бірлесіп, ынтымақтастықта өзара тиімді жұмыс істеу қажеттігін алға тартып, Қауымдастық тарапынан қытайлық инвесторларға қол ұшын беруге әрдайым дайын екендігін білдірді.

    Кездесу соңында өзара байланыс деректерімен алмасып, жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткіздік.