Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысының қорытындыларын еліміздің тұрақты дамуына бағытталған маңызды әрі тарихи кезең ретінде жоғары бағалайды.
Қасиетті Сыр өңірінде өткен бұл құрылтайда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, президенттік институтты одан әрі дамыту, Құрылтайдың Парламенттің құқықтық мирасқоры ретіндегі рөлін күшейту, Қазақстан Халық кеңесін құру, Салық кодексін жетілдіру, стратегиялық экономикалық әріптестермен тиімді өзара іс-қимылды нығайту мәселелері күн тәртібінде болды.
Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы Мемлекет басшысы тарапынан айтылған, елдің болашағына, қоғамдық келісім мен экономикалық тұрақтылыққа бағытталған барлық бастамаларды толық қолдайды. Бұл ұсыныстар ауыл шаруашылығы саласының дамуына, еңбек адамын қолдауға және ұлттық экономиканы нығайтуға серпін беретініне сенімдіміз.
Ұлттық құрылтай қорытындысы бойынша айқындалған шешімдер мен нақты тапсырмалардың жүйелі түрде іске асырылуы еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз етіп, экономикалық тұрақтылықты күшейтіп, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға қызмет етеді деп есептейміз.
Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы Ұлттық құрылтайдың V отырысы аясында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді практикалық тұрғыда жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдармен, сараптамалық қауымдастықпен және қоғамдық ұйымдармен сындарлы әрі ашық өзара іс-қимыл жасауға әрдайым дайын екенін растайды.
Ауыл дамыса – ел дамиды. Еңбек қадірленсе – мемлекет нығаяды, шекарамыз бекем болады.


