Бүгін Қаратал ауданында және Талдықорған қаласында «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» Жетісу облысы филиалы басшылығы , «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдары басшыларымен бірлесіп фермерлердің алдында есеп беріп, күрделенген сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оған Қаратал ауданда 80 астам, ал Талдықорған қаласында 42 фермер қатысты. Онда 2025 жылғы жасалған жұмыстар туралы есеп беріліп, биылғы міндеттер қорытындыланды. Жаңа салық кодексіндегі фермерлерге қатысты өзгерістер, ауыл шаруашылығы техникасы лизингіне беру және несие бағдарламалары, суару жүйесінде жаңа қондырғыларды пайдаланып оларды несиелеу, ауыл шаруашылығында дрондарды пайдалану туралы толық қанды түсініктемелер берілді. Жиналысқа ауыл шаруашылығына жауапты аудан басшылары, Облыстық несие қаржы мамандары қатысты. Фермерлер мал шаруашылығын бордақылаудағы субсидия нормативін ірі қара малын 500 бастан 100 басқа түсіруін, техниканы жөнсіз қымбататын «утиль сборды» алып тастауды сұрады. Одан басқа фермерлер грант көлемінің күрделенуі, несиенің алудың «қағазбастылығы», пайыздық айырма субсидияларының кешеуілдеп берілуі, техника бағасының жыл сайын қымбаттауы туралы пікірлерін ортаға салды Олардың біршамасы облыс басшыларына жеткізіліп, Орталықтан шешілетіндері Республика басшылығына, Мәжіліс депутаттарына жеткізілетіні айтылды. Қауымдастық жұмысын жандандыру үшін оларды аудан деңгейімен қатар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға енгізілген өзгерістерге байланысты ауылдық округтің қоғамдық кеңес жұмыстарымен ұштастыруы сараланды. Қазіргі кезде фермерлердің қоғамдық жұмыстарға араласу деңгейінің төмен болуға байланысты, олармен үгіт-насихат, түсіндіру жұмысын жүргізу бүгінгі күннің өзекті талабы.
ҚФҚ Жетісу облысы филиалы басқарма төрағасы Асқар Қалиұлы Шәріпов
19.01.2026 жыл.

