Перейти к содержимому

    Кеше 15.01.2025 жылы Облыстың өңірлік Атамекен кәсіпкерлік палатасымен Қазақстан фермерлер қауымдастығы филиалының бірлескен отырысы өтті. Оған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшылары, «Казсушар» филиалы басшылары, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мамандары , облыстық ӘКК- өңірлік даму институты басшылыры, жер қатынастары басқармасы мамандары, «Аграрлық несие коорпорациясы» АҚ филиалының басшысы, «КазАгроқаржы» АҚ филиалының басшысы, құқық қорғау мекемелерінің мамандары қатысып, өңірдегі ауыл шаруаашылығының дамуында туындаған бірнеше мәселелер талқыланды. Жаңа салық кодексінің атрықшылығы мен кемшіліктері, ауыл шаруашылығының дамуындағы өзекті мәселелер, жер қатынастарындағы туындаған сұрақтары сараланды. Фермерлерді сумен қамтамасыз ету жолындағы шығындарды субсидиялаудағы кемшіліктер және оларды жою жолдары қарастырылды. Несие беру кезіндегі қиындықтар, онымен жалпы фермерлердің санының он пайызынан астамы ғана қамтылуы, «қағазбастылығы» тағы да басқа мәселелері қарастырылып, оларды бір жүйеге келтіру шаралары белгіленді. Жиында фермерлер өз ойларын ашық айтып, қызу пікір-таласқа қатысты. «Аграрлық несие коорпорациясы» АҚ филиалының басшысы несиеге қолжетімді болуы үшін былтыр «Даму» қоры арқылы тек «Кендала-2» бағдарламасы бойынша кепілдік берілсе, биыл басқада бағдармалар бойынша несиеге кепілдік берілетінін айтты. Сөйтіп несие алуға мүлкі жеткіліксіз көптеген шаруаның, әсіресе, шағын және орта деңгейдегі фермерлердің мәселесі оң шешімін таппақшы. Биылғы жылғы 19 қаңтардан бастап, біз осы және басқада мәселелер бойынша «Аграрлық несие коорпорациясы» АҚ филиалының және «КазАгроқаржы» АҚ филиалының басшылығымен бірлесіп, 10 аудан мен қалаларда фермерлердің жылдық жиналысын өткізбекшіміз.

    ҚФҚ Жетісу облысы филиалының басқарма төрағасы Асқар Қалиұлы Шарипов.