Перейти к содержимому

Фермерелердің Республикасы Парламентінің депутаты Саурықов Ерболат Байұзақұлымен кездесуі

    Бүгін 6.01.2025 жылы Жетісу облысында фермерлерінің, Ауыл партиясы активтерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, Ауыл партиясы фракция мүшесі Саурықов Ерболат Байұзақұлымен кездесуі болып өтті. Облыс орталығы Талдықорған қаласы Тіл сарайында өткен кездесуде Депутат Парламент жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Фермерлер өз мәселелерінің көбісі облыс әкімшілігі деңгейінде шешіліп жатқанын айта келе, Республика деңгейінде шешілетін келесі сұрақтарын 8 топқа шоғырландырып, олардың оң шешімін табуға көмек беруін сұрады:

    Техникаларын жаңартқан Фермерлерге 2024 жылдан бері толық қанды төленбей жатқан инвестициялық және пайыздық айырма субсидияларына Республикалық бюджеттен ақша бөлініп, көмек берілуі.

    Фермерлердің Қазсушардағы суармаы суға Үкімет тарапынан субсидия алудағы келеңсіздіктері.

    Фермерлердің инвестициялық және пайыздық айырма субсидияларын уақыты алмау салдарынан несиелік тарихының бұзылуын реттеу мәселелері.

    Электрондық жүйеге көшу кезіндегі жерді тиімді пайдалану деректерінің ашықтығының жоқтығы.

    КазАгронесие АҚ корпорациясы арқылы берілетін несиелеу шығындарының нормативінің төмендігі салдарынан фермерлердің «Кендала-2» бағдарламасының аз көлемде игеруі.

    Жаңа салық кодексін қолданған кездегі Қосымша құн салығында туындайтын мәселелер.

    Тендер өткізу заңдылықтарын жетілдіру.

    Фермерлердің соя – генетикалық түрлендірілген (ГМО) сортын егуді заңдастыру мәселелері.

    Кездесуде Сарқанд ауданынан келген фермердің кезінде болған асыл тұқымды малдардың қазіргі кезде жойылып кетуі, жастардың қалаға кетуін тоқтату және бұрынғы басшылардың ауылдан көшкен кезде жер үлестерін субарендаға беріп кету мәселелерін реттеуі көтерілді.

    Талдықорған қаласының фермері күздік бидай егу кезіндегі протрава мәселесін, қаңғыбас иттердің көбейіп кетуіне шара қолдануын айтты. Ақсу ауданынан келген фермер Облыста транс магистралды жолдардың өтуіне байланысты сауда-саттық жасауға жер бөліп беру мәселесін көтерді.

    Кездесуде бұдан басқада өзекті мәселелер сараланып, Парламент депутаты фермерлерге олардың көбісі Облыс басшылығында, ҚР Парламент Мәжілісінде қаралып, келешекте оң шешімін табатынын айтты.

    Кездесу аяғында үздік ауыл еңбеккерлері марапатталып, жаңадан Ауыл партиясы қатарына алу шаралары өткізілді

    Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы Жетісу облыстық филиалы басқарма төрағасы

    Асқар Қалұлы Шарипов