Перейти к содержимому

    Бүгін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалинның төрағалығымен Мал шаруашылығы саласын дамыту жөніндегі Кешенді жоспарының жобасын әзірлеу бойынша кеңес өтті.

                Кеңеске облыс әкімдерінің орынбасарлары және ауыл шаруашылығы басқарма басшылары қатысты.

                Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарында ірі қара мал басын -12 млн басқа, ұсақ малды – 30 млн басқа жеткізу көзделіп отыр.

                Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Абуов кеңес барысында проблемалық мәселелерге тоқтала кетті.

                Статистика мәліметіне сүйенсек 2024 жылы шаруашылықтардың барлық санаттарында ІҚМ саны 2010 жылмен салыстырғанда, арада 14 жыл өтседе бар болғаны 127% — ға ғана, ұсақ мал – 112% өскенімен, Мемлекеттік қолдау шаралары негізінен ірі ауыл шаруашылық құрылымдарына арналғанына қарамастан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы мал санының өсу қарқыны өте төмен. Бұл ретте өсім фермерлік шаруашылықтар және жұртшылық шаруашылықтар есебінен қамтамасыз етілді.

    100 сиырға шаққандағы төлдеу көрсеткіші 2010 жылғы 87%-дан 2024 жылы 62%-ға дейін, қозы алу 96%-дан 65%-ға дейін күрт төмендеді, бұл ірі қара және ұсақ мал санының өсу қарқынының төмендеуіне әкелді.

    Сиыр және қой еті мен сүт өндірісінің көлемі өнімділік есебінен емес, мал санының артуына байланысты өсті.

    Мал шаруашылығын қарқынды дамыту үшін:

    — мемлекеттік қолдау шараларын  фермерлік шаруашылықтар және жұртшылық шаруашылықтарға қолжетімділігін арттыру;

     — мал шаруашылығындағы шығындардың 70%-ын жем-шөп құрайтынын ескере отырып, жемшөп дақылдарын егуді гектарлық субсидиялауды жандандыру, сондай-ақ құрама жем өндірісін субсидиялау;

    — инвестсубсидиялау бағдарламасына инвесторлар шығындарының 50% — ын өтей отырып, отбасылық фермалар құрылысын енгізу. Қуаттылығы 50 бастан басталатын тауарлы-сүт фермаларын және бордақылау алаңдарын субсидиялау қажеттігін баса айтты.

    Мал шаруашылығын асылдандыру жұмысына «Асыл түлік» АҚ потенциалын пайдалану. Ол үшін «Асыл түлік» АҚ сақталған тұқымдарды фермерлік шаруашылықтар және жұртшылық шаруашылықтарда қолданып, субсидиялау мәселелеріне тоқтала кетті.

    Кеңесті қорытыныдылай келе Аманғали Бердалин айтылған ұсыныстар жұмыс барысында ескерілетінін жеткізді.