Перейти к содержимому

Құрметті әріптестер, достар! Құрметті ауыл еңбеккерлері!

    Сіздерді келе жатқан жаңа 2026 жыл – Жылқы жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерге жетуімізге ат салысып, тер төккен баршаңызға еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңіз бен өз істеріңізге адалдықтарыңыз, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз!

    Осы мерейлі мереке күні дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

    Келер жылы қамбаларыңыз астыққа, қораларыңыз малға толып, шаңырақтарыңыз шаттыққа бөлене берсін!

    Жаңа жылда қуатты ел құру жолында бірлесіп атқаратын іс-қимылда қажымас қайрат, толағай табыстар тілейміз!

    Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы