Перейти к содержимому

Құрметті әріптестер, қадірлі фермерлер!

    Бүгін Қазақстан фермерлері қауымдастығының 2025 жылғы жұмысын қорытындылаған маңызды кеңес өтті. Өткен жылға шолу жасай отырып, бірқатар нақты нәтижелерге қол жеткізгенімізді атап өткім келеді. Облыстардан түскен көптеген өтініштер жоғары мемлекеттік органдарға жеткізіліп, фермерлердің өзекті мәселелерінің бір бөлігі оң шешімін тапты. Бұл – бірлескен еңбектің нәтижесі.

    Жыл ішінде аймақтарда семинарлар мен кездесулер ұйымдастырылды. Әсіресе Павлодар облысында өткен ірі семинар мен Астанада Президенттің қатысуымен өткен II Агрофорум – сала үшін маңызды оқиғалар болды. Сондай-ақ дәстүрге сай, еңбек адамын ұлықтау бағытында 148 фермер мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Бұл – ауыл шаруашылығында маңдай терімен еңбек етіп жүрген азаматтарға көрсетілген лайықты құрмет.

    Өңірлік филиалдардың бірқатары үздік нәтиже көрсетсе, кей өңірлерде жұмыс қарқынын күшейту қажет. Алдағы уақытта тамыр-таныстыққа емес, шынайы еңбегімен ерекшеленген қарапайым фермерлерді қолдауға басымдық беру – басты талап.

    2026 жылға арналған міндеттер айқын: аудандық деңгейде жұмысты жандандыру және фермерлердің басын біріктіру. Бұл бағытта жауапкершілік пен нақты нәтиже қажет.

    Алдымыздағы жылы бірлігіміз бекем болып, ауыл шаруашылығын дамыту жолында нақты нәтижелерге бірге қол жеткіземіз деп сенемін. Баршаңызды келе жатқан Жылқы жылымен шын жүректен құттықтаймын! Еңбектеріңіз жемісті, отбасыларыңыз аман болсын!