Жетісу облысында кеше, 23 желтоқсан 2025 жылы Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдегі аграрлық сала мамандарын марапаттап, облыстың үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жаңа тракторлар табыс етті. Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы өнім көлемі 90 млрд теңге болып бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға өскен. Біздің облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімін арттырып, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру және оны жоғары технологияға негізделген сала ретінде дамыту міндеті тұр. Биыл агросубъектілерді қолдауға мемлекет тарапынан 61,2 млрд. теңге қаражат бөлінді, оның 25,2 млрд. теңгесі — субсидия, 24 млрд. теңге — жеңілдетілген кредиттер, 12 млрд теңге — лизингтік бағдарламалар. Соның нәтижесінде жаңа ауыл шаруашылығы техникасы алынып, машина трактор паркі жаңартылуда. Су үнемдеу технологиясы енгізіліп жатыр. Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «Еңбек ардагері» медалімен, «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен, ҚР Премьер-Министрінің Алғыс хатымен және облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұдан соң «Өңірдің үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері» номинациясы бойынша жеңімпаздарға құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, шаруа қожалықтары арасынан Қаратал ауданының «Ерен Тау» ШҚ үздік деп танылса, заңды тұлғалардан Алакөл ауданының «Сельский механизатор» ЖШС жеңімпаз атанды. Олардың басшыларына І дәрежелі дипломдар мен жаңа трактор кілттері табысталды. Бұл шаралар Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің ІІ форумында қойған міндеттер — елдің азық-түлік қауіпсіздігінқамтамасыз етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып жүрген шаруа-фермер қожалықтарына деген құрмет белгісі деп білеміз.
Қазақстан фермерлер қауымдастығы Жетісу облысы филиалының басқарма төрағасы
Асқар Қалиұлы Шәріпов


