Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және Ауыл шаруашылығы ұйымының ұйымдастыруымен Орталық Азия және Шығыс Еуропа үшін тұрақты мал шаруашылығының жаһандық бағдарламасының төртінші аймақтық отырысы
Жайылымдық агроэкожүйелердегі климаттық өзгерістерді шешу үшін мүдделі тараптардың ынтымақтастығын нығайту бойынша Душанбе қаласында семинар өтті. Семинарға қатысқан Қазақстан фермерлері қауымдастығының бірінші орынбасары Ермек Абуов құрғақшылыққа байланысты, климаттың өзгеруінің жайылым жерлерге әсері, тозған жайылымдарды жақсарту үшін
құрғақшылыққа төзімді мал азықтық дақылдардың тұқым шаруашылығын дамыту, ол үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан жаhандық климаттың құрғақшылыққа қарай өзгеруіне байланысты жайылымдағы мал шаруашылығын дамыту үшін гранттар қарастыру туралы мәселелер көтерді.

