Қар жаумай, қыстың жылы өтуі егіннің бітік шығуына кедергі келтіреді. Бұл туралы «Түскі формат» бағдарламасында фермерлер қауымдастығының өкілі Әкпар Мәуленов айтты. Сөзінше, қыз мезгілінде қалың қар жаумаса, қауіп тек диқаншыларға емес, мал шаруашылығымен айналысатындарға да төнеді. Өйткені құрт-құмырсқа тым көбейіп кетсе, ол төрт түліктің арасында түрлі аурулардың қозуына себепкер болады.