Перейти к содержимому

Ауыл ағасына марапат

    Бүгін Қауымдастықтың орталық кеңсесінде Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, «Дауынбай» шаруа қожалығының директоры Сейтбеков Тұяқ ағамызды 80-жылдық мерейтойы қарсаңында марапаттау рәсімін өткіздік.

    Сейтбеков Тұяқ ағамыз 1945 жылғы 10 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Мектеп ауылында дүниеге келген.

    Содан ерте жасынан кеңес дәуірінде сол жерде тракторист-машинист болып жұмыс істеп, одан кейін 1993 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Дауынбай» шаруа қожалығының директоры қызметін атқарып келеді.

    Қазіргі күнде үлкен бір әулеттің ақсақалы, 12 баласы, 48 немересі бар.

    Ауыл шаруашылығы саласына сіңірген көп жылғы еңбегі үшін Сейтбеков Тұяқ ағамызға Қауымдастықтың Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов Қауымдастықтың Басқарма төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаевтың атынан Алғыс хат табыстады.

    Сонымен қатар, Сейтбеков Тұяқ ағамыз Қауымдастықтың «Үздік фермер» төсбелгісімен марапатталды.

    Наградалар құтты болсын, ағамыздың денсаулығы мықты, ғұмыр-жасы ұзақ болсын, 100 жасасын, бұдан да жоғары наградаларға ие болуына тілектеспіз!