Бүгін Қауымдастықтың Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуовтың төрағалығымен Қауымдастықтың облыстық филиалдары басшыларымен zoom-форматында кезекті кеңес өтті. Жиналыста берілген тапсырмаларды орындау барысы талқыланып, алдағы жоспарлар мен міндеттер белгіленді.
Кеңес басында Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов соңғы кеңестен бері атқарылған жұмыстар туралы қысқаша баяндама жасады.
Содан соң әдеттегідей облыстық филиал басшыларына сөз берілді. Алматы, Атырау, Ұлытау, Қостанай, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстық филиалдарының басшылары сөз сөйлеп, атқарған жұмыстары, берілген тапсырмалардың орындалуы, фермерлердің проблемалары және оларды шешу жолдары туралы ойларымен бөлісті.
Кеңесті қорытындылай келе Ермек Әбуов облыстық филиал басшыларына жұмысты жандандыру, берілген тапсырмаларды уақытылы орындау, 2026 жылы филиалдардың облыстық, аудандық жиналыстарын өткізу және т.с.с. бойынша тиісті тапсырмалар берді.
