Перейти к содержимому

    І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Жаратылыстану-техникалық факультеті, экология және ауылшаруашылық ғылымдары кафедрасының ұйымдастыруымен облыстық фермерлердің қатысуымен 25 қараша 2025 жылы халықаралық семинар өтті. Семинар тақырыбы: «Климаттық және технологиялық өзгерістер жағдайындағы аграрлық зерттеулердің өзекті бағыттары». Оны университет Басқарма Төрағасы Ректор з.ғ.д., профессор Ермек Бөрібаев ашты. Ол өз сөзінде аграрлық саладағы халықаралық ынтымақтастықтың күшеюі университеттің стратегиялық даму бағыттарының бірі екенін ерекше атап өтті. Оған отандық ғалымдар: Жаратылыстану-техникалық факультет деканы т.ғ.д. профессор Е. Андасбаев. Экология және ауыл шаруашылық ғылымдар кафедрасның меңгерушісі б.ғ.к. Ж. Канагатов, Экология және ауыл шаруашылық ғылымдар кафедрасның оқытушы-дәріскері ашғ.к. оқытушы-дәріскер М. Орманбетов, PhD, оқытушы-ассистент Ә. Бәкірова, Қазақстан фермерлер қауымдастығы Жетісу облысы бойынша филиалы басқарма басшысы, ғылым докторы, ҰАҒА академигі Шарипов Асқар Қалиұлыиен бірге Италия мемлекетінен келген бір топ ғалымдар, оның іішінде Марке университетінен Философия докторы, қауымдастырылған профессор Marco Peter Feretti, Философия докторы, қауымдастырылған профессор Gianluca Brunetti. Философия докторы Rasheed Awais баяндамларын жасады..

    Халықаралық семинардың мақсаты – климаттың жаһандық өзгеруі мен ауыл шаруашылығындағы цифрлық-технологиялық трансформацияның ықпалын ескере отырып, аграрлық ғылымның жаңа бағыттарын талқылау, заманауи зерттеу әдістерін енгізу және халықаралық ғылыми қауымдастық арасында тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету. Семинар барысында климатқа төзімді ауыл шаруашылығы, жаһандық экологиялық қауіптер, агротехнологиялық инновациялар, жасанды интеллект пен деректер талдауының аграрлық сектордағы рөлі сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар ғылыми ынтымақтастықты нығайтып, ортақ зерттеу жобаларын бастау мүмкіндіктерін ақылдасты.

    ҚФҚ Жетісу облыстық филиалының басқарма төрағасы Асқар Қалиұлы Шәріпов