Перейти к содержимому

Құрметті ауыл шаруашылығы еңбеккерлері, қадірлі фермерлер мен аграрлық сала мамандары!

    Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы сіздерді Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтайды!

    Бұл мереке – жердің берекесін арттырып, елдің ырысын еселеп жүрген сіздердің қажырлы еңбектеріңізге деген құрмет пен ризашылықтың белгісі. Еңбекпен тапқан наныңның дәмі ерекше, маңдай термен өсірген әрбір өнім – Отанымыздың байлығы мен халықтың игілігі.

    Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі нығайып, ауылдық аймақтардың әлеуеті артып келеді. Әр күндеріңіз мол өнім мен берекеге, отбасыларыңыз амандық пен шаттыққа толы болсын!

    Еңбектеріңізге жеміс, жерлеріңізге ырыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!

    Қазақтың кең даласы әрдайым молшылық пен ынтымақтың мекені бола берсін!

    Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы