Перейти к содержимому

Нарыққа жарамайтын астықты кәдеге жаратудың жолы бар

    «Түскі формат» тікелей эфирінде ауыл шаруашылығы және экспорт тақырыбы талқыланды. Қазақстан фермерлері қауымдастығының ШҚО бойынша басқарма төрағасы Самат Қыдырмолда ірі көлемдегі астықты тиімді пайдалану жолдарын ұсынды.

    «Сапасы төмен немесе экспортқа жарамсыз астықты ішкі нарықта тиімді бағытта пайдалану қажет деп ойлаймын. Бізде азық-түлік пен мал өнімдерінің кластерлері бар, сол жүйе арқылы астықты ет өндіру бағытында қолдануға болады. Мысалы, 26 млн тонна астықтың 40 пайызы — шамамен 10 млн тонна. Егер оны мал бордақылау алаңдарына жіберсек, нарықтағы ет өндірісін тұрақтандырып, өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік туады», — деді.