Перейти к содержимому

Облыс әкімдігінде фермерлермен кездесу

    Бүгін облыс әкімі бірінші орынбасары Жақанбаев Әлібек Әскербекұлы фермерлерді қабылдап кездесу өткізді. Оған облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысы Кененбаев Нұрдәулет Сағадиүлы, облыстық фермерлер қауымдастығы басқарма басшысы Шәріпов Асқар Қалиұлы, облыстық Атамекен кәсіпкерлік палатасы, облыстық Агроқаржы, Агронесие басшылары, әр ауданның фермерлері қатысты. Біздің облыс әлументтік- экономикалық даму қарқыны бойынша Республикамызда үздік үштікке енді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін жылына он пайызға жеткізу міндеті орындалуда. Бүгінгі күні агроөнеркәсіп кешенін дамытуға субсидияны бірыңғай субсидиялау жүйесі арқылы онлайн алуға қол жеткізілді. Алайда 2023 жылдан бері алынған техникалардың несие және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау – 6,3 млрд, теңгені құрап, оның тек 2,4 млрд тенгесі ғана 2025 жылғы Облыстық бюджетте қарастырылған. Қалған 3,9 млрд.тенгесіне қосымша қаражат керек. Бұдан бөлек 5,9 млрд. теңге инвестициялық субсидия бойынша карыз ақша жинақталды. Барлығы — 9,8 млрд. тенгені құрап отыр. 2023 жылдан бері субсидиялауға енгізілген жаңа ережелерге байланысты бұл қарыз ақшалар жергілікті бюджет есебінен жабылу керек. Осы мәселе келешекте ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің жаңартылған техникасын тиімді пайдалануға кедергі келтіруде. Олар пайыздық мөлшерлемелерін 6 пайыздың орнына 22-24 пайыздан төлеп, көптегені шаруашылықтар банкроттық дәрежеге жету қаупі туындауда. Осыны талқылау барысында Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев мырза мамандарды, фермерлерді жеке-жеке тыңдап, шешу жолдары бойынша өз ойын ашық айтты. Облыс әкімдігінде бұл мәселе ерекше бақылауда екенін жеткізді. Ашық кездесу екі жаққа да тартымды, түсінікті болды. Келешекте бұндай кездесулер Облыс әкімдігінде ай сайын өткізіліп, фермерлердің тундаған мәселелері барынша жедел шешілетін болады деп келісілді.