Бүгін KazAgro/KazFarm-2025 көрмесі аясында Беларусь Елшілігінің қолдауымен Беларусь-Қазақстан аграрлық форумы өтті. Мақсаты: Беларуссияның агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тәжірибесін Қазақстанға ұсыну.
Қазіргі таңда халқын отандық өнімдермен қамтамасыз етіп қана қоймай, ет және сүт өнімдерінің әлемдік экспортында көшбасшы қатарында.
Беларусь Республикасында негізгі тұтыну өнімдері бойынша -өзін өзі қамтамасыз етудің жоғары деңгейі бар: картоп 100%, көкөністер мен бақша дақылдары 101,7%, ет 140,2%, сүт 291,9%, жұмыртқа 130,7%.
Форумға қатысқан Қазақстан фермерлері қауымдастығының Басқарма төрағасының Бірінші орынбасары Ермек Әбуов Ауыл шаруашылығы саласының барлық бағытын қамтиды:
өсімдік шаруашылығы: тұқым, агрохимия, техника, цифрландыру, қайта өңдеу;
мал шаруашылығы: генетика, жем-шөп өндірісі, жабдық, қайта өңдеу және дайын өнім – тіпті сүттен премиум етке дейін.
Ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды. Өсімдік шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық Беларусь Республикасының жүгері калибрлеу зауыттары ҚР А/ш ұйымдарының кез келген қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін будандардың кең ассортиментін ұсынады. Жүгері тұқымын өсіру 19 гибрид бойынша жүзеге асырылады. Аграрлық білім беру саласындағы ынтымақтастық Беларусь аграрлық білім беру мекемелерінің базасында қазақстандық аграрлық мамандарды оқытуды, даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру Мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық Сүтті мал шаруашылығында асыл тұқымды құндылықты бағалау жүйесін әзірлеу жөніндегі қызметтер. Саланы цифрландыру және автоматтандыру бойынша кешенді шешімдер Асыл тұқымды материал(мал, шәует өнімдері, эмбриондар) Сауу қондырғылары, қора жабдықтары, сүт салқындатқыштар, сауу аппараттары. Ветеринариялық қолдануға арналған биопрепараттарды (сарысулар,вакциналар) және химиялық — фармацевтикалық препараттарды жеткізу. Құрама жем, премикс, амин қышқылдарын жеткізу.
Бүгінгі форумдағы қол жеткізілген келісімдер ауыл шаруашылығы секторларының игілігі үшін ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге жол ашады.

