Жетісу облысымен Чехия ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық орнату аясында 20 қазан 2025 жылы біздің өңірде Чехияның Ауылшаруашылық вице-министрі Павел Секач бастаған бір топ мамандармен облыс фермерлерінің кездесуі өтті. Оған Жетісу облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысының орынбасары Данияр Ысқақов, облыстық фермерлер қауымдастығы басшысы Асқар Шарипов облыстық кәсіпкерлер палатасы, аудандық ауыл шаруашылық мамандары және фермерлер қатысты. Соңғы жылдары Чехияның экономикалық жүйесі тұрақты әрі табысты дамып келеді. Екі ел арасында бірнеше салаларда ынтымақтастық қарым-қатынас орнаған. Ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастық артып келеді. Вице-министр Павел Секач екі елдің ынтымақтастығын жоғары бағалап, болашақта үлкен мүмкіндіктер күтіп тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ Чех Республикасында қазақстандық фермерлер бизнес-серіктестерді қалай табуға болатынын айтты. Облыс фермерлері шетел қонақтарымен ерікті сұхбаттасып, өздеріне пайдалы ақпараттар алды.
ҚФҚ Жетісу облыстық филиалы басшысы
Асқар Қалұлы Шарипов


