Перейти к содержимому

Құрметті ағайын!

    Сіздерді 16 қазан – Халықаралық Нан күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Нан – еңбек пен берекенің, молшылық пен тоқшылықтың символы. «Ас атасы – нан» деп құрметтеген халқымыз үшін бұл күннің орны ерекше!

    Еңбегімен егін егіп, дәнді дақыл өсіріп, елдің ырысын молайтқан барлық диқан, наубайшы, ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне алғысымыз шексіз!

    Нан әрбір шаңырақта мол болсын, дастархандарыңыз әрдайым берекеге толы болсын!

    Мерекемен құттықтаймыз!

    Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы