Бүгін Қауымдастықтың Басқарма төрағасы Жигули Дайрабаевтың төрағалығымен облыстық филиалдар басшыларымен zoom-форматында кезекті кеңес өтті.
Жиналысқа қатысуға ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқаратын компанияның өкілдері шақырылды.
Біріншісі – John DEERE техникасына арналған подшипниктерді, ауыл шаруашылығы техникасының барлық түрлеріне арналған ступицаларды, дөңгелектерді, бандаждарды, роликтерді, қосалқы бөлшектерді жеткізумен айналысатын «Rail Go» компаниясы.
Аталмыш компанияның өкілдері ауыл шаруашылығы техникасына қажетті қосалқы бөлшектерді жеткізу мүмкіндіктері туралы баяндап беріп, фермерлердің сұрақтарына жауап берді.
Екіншісі – «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ.
Орталықтың өкілдері Ауғанстанмен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту туралы мәлімдеп, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау және импорттау мүмкіндіктері туралы айтты.
Содан соң Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов соңғы кеңестен бері атқарылған жұмыстар туралы қысқаша баяндама жасады.
Кеңесті қорытындылай келе Басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев облыстық филиал басшыларына жергілікті жерлерде филиалдың жұмысын жандандыру, нақты нәтиже болу үшін нақты ұсыныстар беру, ауыл шаруашылығындағы саясатты Қауымдастық арқылы жүргізу қажеттігі, облыстарда, аудандарда фермерлермен жиналыстар, кездесулер өткізу жөнінде, сондай-ақ кеңеске қатысқан компаниялардың мәліметтерін назарға алып, олар бойынша ұсыныстар беру туралы тиісті тапсырмалар берді.