үгін Түркістанда Қазақстан фермерлері қауымдастығының Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша филиалы «Ауыл шаруашылығын дамытудағы өзекті мәселелер және оның шешу жолдарын талқылау» тақырыбында кеңейтілген жиналысын өткіздік.
Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов, Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент басшылары Назгүл Хатепова мен Мухит Омаров, сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясы» және «ҚазАгроФинанс» ұйымдарының өңірлік басшылары, өндірушілер мен фермерлер қатысты.
Жиын барысында фермерлер ауыл шаруашылығын қаржыландыру, су ресурстарын ұтымды пайдалану, ирригациялық жүйелерді жаңғырту, субсидиялау тетіктерін жетілдіру және несие қолжетімділігін арттыру мәселелерін көтерді. Әрбір ұсыныс назарға алынып, тиісті министрліктермен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешу жолдары қарастырылатын болды.
Сонымен қатар, қауымдастықтың Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша жаңа төрағасы Тұрғанбек Үсенбекұлы Оспановтың ресми тағайындалу рәсімі өтті. Бұл өңір фермерлерінің басын біріктіріп, ауыл шаруашылығын дамыту ісінде жаңа серпін береді деп сенемін.
Біздің басты мақсатымыз – фермердің үні естілетін, нақты нәтиже беретін жүйелі саясат қалыптастыру. Ауыл – елдің тірегі, берекенің бастауы. Сондықтан еңбек адамдарын қолдау – мемлекет пен қоғамның ортақ борышы.
Бірлесе еңбек етсек – ауыл гүлденеді, ел өркендейді!



