Перейти к содержимому

    Жетісу облыстық фермерлер қауымдастығы филиалында Қазақстан фермерлер қауымластығы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Абуовпен кездесу болды. Оған Жетісу облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Кененбаев Нурдәулет Сағадиұлы, Жетісу облыстық Атамекен кәсіпкерлік палатасының агрокешен бөлімінің басшысы Сарғалдақов Жанат, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Жетісу облыстық филиалының мамандары, Облыстық фермерлер қауымдастығы басқарма мүшелері және фермерлер қатысыты. Негізгі шешілмей жатқан сұрақтар көтеріліп оның шешім жолдары қарастырылды.

    1. «ҚазАгро Қаржы» және АКК арқылы несиелендіру бағдарламалары бойынша шаруа қожалықтары техника сатып алып, жылына 22 және 24 пайызбен қаражат алды, айырмасы 16 және 18 пайызды мемлекет тарапынан субсидиялауға жатып, іс жүзінде 6 пайызы шаруа қожалықтарының мойнына түсу керек еді. Алайда көбісінде бұл айырмашылық әлі төленген жоқ.

    2. Дәнді жүгері бағасы алғашқыда тоннасы 110,0 мың тенгеден бағаланып, кейіннен Панфилов жүгері өңдеу зауытының басшылырымен трейдерлердің сөз байласу арқасында 80,0 мың тенгеге түсіп кетті. Фермерлер бұл сұрақты Қауымдастық тарапынан билікке жеткізіп беруді өтінді. 80 мың тенгеге өөнімді өткізбейміз деп отыр.

    3. Облыстағы екі қант зауыттарының биылғы жылғы науқанға толық қанды дайын болмауы. Сатып алу бағасының жартысынан көбі мемлекет тарапынан субсидияланады. Үшінші жыл болды қызылшаның тоннасына 40,0 тенгенің 15,0 мың тенгесі ғана зауыт тарапынан төленіп, қалған 25,0 мың тенгесі мемлекет субсидия ретінде төлейді.Қасымыздағы Қырғызстанда және басқа елдерде сатып алынған өнім толығымен қант зауыты есебінен төленеді. Бізде неге олай? қант зауыты басшылығы кімдер, неге оларға мемлекет тарапынан сондай көмек беріледі?

    4. «Кендал 2» бағдарламалары бойынша несиелендіру бойынша шаруа қожалықтарының белгілі бір өнімінің 1 гектарына бөлінген қаражат нормасы шындыққа сәйкес келмейді, өте төмен бағаланған сандар. Жетісу облыстық фермерлер қауымдастығы басшылары биыл Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасы және ауылды дамыту ғылыми-зерттеу институтытына барып соны технологикалық қарталар арқылы дәлелдеп, екі еседен артық көтердіі. Бірақ оны әліде жетілдіру керек.

    5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін жайлымдарды пайдалану заңдылықтарында біршама кемшіліктер бар. Республикада, облыстардың, барлық аудандарының жер комиссиясы қызметінің бірыңғай жаңа ережесін бекіту керектігі айтылды.

    Бұдан басқада сұрақтар көтеріліп кездесуге қатысқандар өз ойларын ортаға салды.

    Кездесуді қорытындылай келе Е. Абуов фермерлер көтерген сұрақтардың шешу жолдарын іздестіріп тиісті мемлекеттік органдарға жолдайтынын жеткізді.

    Возможно, это изображение 8 человек

    Все реакции:

    1212