2025 жылы шитті мақтаның жиын-терім науқанына Мақтаарал, Жетісай және Шардара аудандарында тіркелген 19 мақта өңдеу зауыттарынан (МӨЗ) 15-сі және олардың есебіндегі 179 мақта қабылдау бекеттері (МҚБ) қатысады. Бүгінгі таңға, яғни, а.ж. 10-шы қыркүйегіндегі мәліметтер бойынша таразылар мен лабораториялық құрал-жабдықтарды сертификациялау жұмыстары 109 МҚБ толығымен біткен. Бұл 60.9% құрайды. Мақтаарал ауданы бойынша есепте бар 9 МӨЗ-ден науқанға 6 МӨЗ және аудан аумағына орналасқан 62 МҚБ қатысады. Бүгінгі таңда, таразылар мен лабораториялық құрал-жабдықтарды сертификациялау жұмыстары 62 МҚБ-нің 30-да толығымен жүргізілген, 48,38%. Жетісай ауданы бойынша 7 МӨЗ және аудан аумағында орналасқан 77 МҚБ қатысады. Бүгінгі таңда, таразылар мен лабораториялық құрал-жабдықтарды сертификациялау жұмыстары 77 МҚБ-нің 36-да толығымен жүргізілген, 45,45%. Шардара ауданы бойынша есепте бар 3 МӨЗ-ден 2 МӨЗ және аудан аумағында орналасқан 40 МҚБ науқанға қатысады. Бүгінгі таңда таразылар мен лабораториялық құрал-жабдықтарды сертификациялау жұмыстары барлық 40 МҚБ толығымен жүргізілген, 100%. Мақтарал және Жетісай аудандарында сертификациялау жұмыстары жалғасып, 15-16 қыркүйекке аяқтау жоспарланып отыр. Мақта науқанына байланысты мақталы аудандардың дайындық барысымен танысып , аралап, кемшілігі бар аудандарға шаруаларға жағдай жасауын ескертілді. Суретте: Жетісай ауданының әкімінің кеңесшісі Т. Елшібеков және осы ауданның ҚФҚ төрағасы О.Асанов және менТуркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша ҚФҚ филиал төрағасы Т. Оспанов