Туркістан облысы ауыл шаруашылығы саласында тағы бір маңызды қадам жасалды. Ордабасы ауданында орналасқан “ Туран су” МКК базасында суару жуйелеріне арналған параболалық бетон лотоктар шығаратын өндіріс іске қосылды. Жобаның мақсаты- су ресурстарын тиімді пайдалану арқылы ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту,ішкі нарықты сапалы өніммен қамтып қана қоймай, зкспорт әлеуетін де арттыру.
Параболалық лотоктардың каналдарға орнатылуы су шығынын 40%-ға дейін азайтуға мумкіндік береді.Бұл-еліміздің су ресурстарын унемдеуге бағытталған нақты қадам.
Зауыттың ашылуына қатысқан Туркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жаңа өндіріс орнына сәттілік тілеп,оның аймақ экономикасына қосар улесін ерекше атап өтті.Жергілікті өндірістің ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдіріп, бұл жобаның ауылды өркендету мен халықты тұрақты жұмыспен қамту жолындағы маңызды қадам екенін айтты.
Жаңа өндіріс алаңында тәулігіне 45 дана параболалық бетон лоток жасап шығарылады. Жоба құны -350 млн теңге.Тұрақты 20 адам жұмысқа қамтылды. Өндірілетін құрылғылардың/лотоктардың/ нарықтағы бағадан 20-30%-ға арзан болуы-жергілікті шаруалар мен су шаруашылығы құрылымдары ушін улкен жеңілдік.
Зауыттың ашылуына , яғни облыс әкімінің іс-шарасына облыс әкімінің аппарат басшысы,ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және инвестиция дамыту басқарма басшылары, Ордабасы аудан әкімі, облыс және аудандық мәслихат депутаттары ,еңбек ардагерлері мен Қазақстан фермерлік қауымдастығының Туркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша филиал төрағасы Тұрғанбек Оспанов қатысты.

