Перейти к содержимому

Zoom-кеңес

    Бүгін Қауымдастықтың облыстық филиалдары басшыларымен zoom-форматында кезекті кеңес өтті. Жиналыста берілген тапсырмаларды орындау барысы талқыланып, алдағы жоспарлар мен міндеттер белгіленді.

    Кеңес басында Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов жаңадан тағайындалған Қауымдастықтың Абай облыстық филиалының басшысы Қуаныш Сүлейменовты таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

    Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов соңғы кеңестен бері атқарылған жұмыстар туралы қысқаша баяндама жасады.

    Содан соң әдеттегідей облыстық филиал басшыларына сөз берілді. Ақмола, Атырау, Павлодар, Ұлытау облыстық филиалдарының басшылары сөз сөйлеп, атқарған жұмыстары, берілген тапсырмалардың орындалуы, фермерлердің проблемалары және оларды шешу жолдары туралы ойларымен бөлісті. Көтерілген мәселелердің негізгісі – субсидиялардың төленбеуі, қуаңшылық салдары, жемшөп әзірлеу, Қауымдастық жұмысын жандандыру жолдары және т.б.

    Кеңесті қорытындылай келе Ермек Әбуов облыстық филиал басшыларына субсидиялау тетігін жетілдіру, несиелендіруді жеңілдету, ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарда сату жолдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар беру, сауда-саттықтағы өнім бағасы, марапаттауға үздік фермерлердің кандидатураларын тездетіп беру, әлеуметтік желілерде өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды, фермерлердің тұрмыс-тіршілігін көрсету мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берді.