Перейти к содержимому

Кездесу

    Бүгін Қауымдастықтың орталық кеңсесінде Жамбыл облысы Мерке аудандық филиалының басшысы Тасқын Аташевпен кездестік.

    Аудандық филиал басшысы өңірдегі фермерлердің жанайқайын жеткізу үшін әдейілеп келген екен.

    Тасқын Аташевтың мәлімдеуінше:

    — құрғақшылық салдарынан биыл ауданда астық аз жиналды;

    — өнімнің жоқтығынан фермерлер несиелерін өтей алмайды;

    — Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржы қарызды өтеуге фермерлерге каникул беруден бас тартып, тек пролонгация жасау мүмкіндігін қарастырады;

    — фермерлерге көмек көрсету мақсатында төтенше жағдай жариялауды ұсынғанда жергілікті билік оған негіз жоқ деп отыр.

    Кездесуде бұдан өзге де өзекті мәселелер көтерілді.

    Нәтижесінде филиал басшысымен бірлесе отырып аталған мәселелер бойынша жоғары билік органдарына жүгіну туралы шешім қабылдадық.