Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын субсидиялауда қалай да жемқорлыққа жол бермеудің барлық амал-тәсілін қарастырып келеді. Бұл саланы барынша ашық жасап, цифрландыру қолға алынды. Қазіргі таңда субсидияға өтінім беру, тиісті құжаттарды тіркеу секілді маңызды процестердің барлығы ХҚКО мен е-gov порталы арқылы жүзеге асырылады. Алайда осы тұста да ебін тауып, екі асап жүрген делдалдар жетеді. Себебі ауыл-аймақтардағы шаруа қожалықтарының барлығы цифрлы сауатты емес, барлығы компьютердің тілін, интернеттің қыр-сырын біле бермейді. Көп шаруа қожалықтары е-gov порталы арқылы өтінім берудің қарапайым қағидасын білмейді. Соның салдарынан ауыл фермерлерінің дені құжаттарын тапсыра алмай, субсидиядан қағылып қалып жатады. Әупірімдеп жүріп өткізген күннің өзінде «бір жерінен қате жіберіпсіз», «құжаттарыңыз толық емес», не болмаса «өтінім қабылдау уақыты өтіп кетті» деп, сан сылтау айтып шығарып салады. Ал шаруаға жұмысының жүргені керек. Бармақ бастылық та осындай жерден басталады», біздің ойымызша. Сондықтан осындай қателіктер қайталана бермес үшін ауылдағы қарапайым шаруаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізлсе. Облыстағы 120 астам ауылдық округтарда бір-бірден білікті мамандарды алып, солар шағын курстар ашып, оқытса да артықтық етпес еді. Оған Атамекен кәсіпкерлін платасы мен фермерлер қауымдастығы филиалдары ауыолдық, аудандық өкілдарін қатыстыру керек. Сол кезде ғана ауыл фермерлері екі ортада пайда тауып жүрген делдалдарға жем болмайды. Субсидия берудің ашық әрі әділ жүйесін құру үшін әр ауылдық округтан, ауданнан, ауыл шаруашылығын жете білетін білікті мамандардан арнайы комиссия құру керек. Комиссия шаруалардың өтініштерін жіті зерделеп, көзбен көріп, расымен малдары бар ма, болса қанша малы бар, субсидия төлеуге бола ма, болмай ма – міне, осының барлығын жан-жақты тексеріп, ақ-қарасын ажыратқаннан кейін ғана жеңілдік алуға рұқсат берілуі керек.
ҚФК Жетісу облысы бойынша филиалының басқарма төрағасы А.Қ. Шәріпов
22.08.2025ж