Перейти к содержимому

Zoom-кеңес

    Бүгін Қауымдастықтың облыстық филиалдары басшыларымен zoom-форматында кезекті кеңес өтті. Жиналыста берілген тапсырмаларды орындау барысы талқыланып, алдағы жоспарлар мен міндеттер белгіленді.

    Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов соңғы кеңестен бері атқарылған жұмыстар туралы қысқаша баяндама жасады.

    Содан соң әдеттегідей облыстық филиал басшыларына сөз берілді. Алматы, Батыс Қазақстан, Жетісу, Түркістан облыстық филиалдарының басшылары сөз сөйлеп, атқарған жұмыстары, берілген тапсырмалардың орындалуы, фермерлердің проблемалары және оларды шешу жолдары туралы ойларымен бөлісті. Көтерілген мәселелердің негізгісі – субсидиялардың төленбеуі, судың жетіспеуі, жемшөп әзірлеу қиындығы, фермерлерді заңнамалық тараптан қолдау қажеттілігі, статистиканы түзету және т.б.

    Кеңесті қорытындылай келе Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов облыстық филиал басшыларына қазіргі суармалы су тапшылығы жағдайында ағын су тарифі мен егістік алқаптарға су жеткізу, мал шаруашылығын жемшөппен қамтамасыз ету, фермерлерді марапатқа ұсынған кезде негізінен қарапайым жұмыскерлерді ескеру, әлеуметтік желілерде өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды, фермерлердің тұрмыс-тіршілігін көрсету мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берді.