Бүгін Қауымдастықтың орталық кеңсесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (ПРООН) халықаралық сарапшысы Dr.Robert Bierkandt мырза бастаған бір топ сарапшылармен кездестік.
Сарапшылардың бізге келген мақсаты – әзірленіп жатқан Ұлттық бейімделу жоспарының жобасына фермерлер тарапынан енгізуге болатын ұсыныстар мен пікірлерді айқындау.
Кездесу барысында Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов Қауымдастықтың атқаратын жұмыстары, алға қойған міндеттері және жалпы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы әлеуеті туралы қысқаша айтып берді.
Dr.Robert Bierkandt, сондай-ақ оның жанындағы сарапшылар Қауымдастықпен кездесу мақсаттары және ауыл шаруашылығы саласындағы байланыстарды нығайтып, одан әрі дамыту туралы бірқатар сұрақтар қойды.
Өз тарпымыздан сарапшылардың сұрақтарына жауап бердік және әзірленіп жатқан жоба аясында қарастыруға қажетті мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстар бердік. Dr.Robert Bierkandt ұсыныстарымызды қарастыруға дайын екендігін айтты.
Кездесуді қорытындылай келе Ермек Әбуов аталмыш кездесудің құр бос әңгіме болып қалмауын, келешекте бірлесіп, ынтымақтастықта өзара тиімді жұмыс істеу қажеттігін алға тартып, Қауымдастық тарапынан Ұлттық бейімделу жоспарын әзірлеуге қол ұшын беруге әзір екендігін білдірді.
Кездесу соңында өзара байланыс деректерімен алмасып, жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткіздік.

